«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздікке 30 жыл»
Шымкент қаласы білім басқармасының №29 «Ай-Керім» бөбекжай- бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
                
«Елімнің бақытын тербеткен –
Тәуелсіздікке 30 жыл»
 
 2021жыл 14 желтоқсан
 
Мерекелік ертеңгілік
          
АНЫҚТАМА
Мақсаты: Бүлдіршіндерімізге Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге баулу. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қалай жеткенімізді, тарихты Қазақ хандары туралы ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағлұмат беру.
⦁ Патриоттық сезімге баулу;
⦁ Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру;
⦁ Сахналық мәдениеттілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.