Шымкент қаласы білім басқармасының

№29«Ай-Керім» бөбекжай- бақшасы мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны

          Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, Отандық білім
берудің  алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар
бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген
мектепке  дейінгі ұйымдар ашыла бастады.
          Осыған орай, Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты, Оңтүстік
ықшам ауданындағы  №29«Ай-Керім» бөбекжай- бақшасы МКҚК, 2011
жылы қыркүйек айында Шымкент қаласының Білім басқарма басшысы Ж.Тажиева
ханым мен және де бірқатар  лауазымды азаматтардың  қатысуымен ашылды.
Бөбекжай-бақша жалпы – 18 топтық, 420 орынға негізделді.
          Бөбекжай-бақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:
          -Ерте жас топ /1жастан/
          -Кіші топ /2 жастан/
          -Ортаңғы топ /3 жастан/
          -Ересек топ /4жастан/
          -МАД топ /5жастан/                 
 
          Мекеме екі қабатты,автономды жылыту жүйесімен,су, электр жүйелері
орталықтандырылған, телекоммуникациямен қамтамасыз етіліп,өртке қарсы
дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, азық-түлік қоймасы, кір жуатын
бөлмелер мен шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма бар.
          Егу және оқшаулау бөлмелерден тұратын  төлқұжаттандырылған
медициналық  кабинетпен қамтылған. Бөбекжай –бақшада  жалпы 49 бейне
камералар орнатылған, оның -31 данасы мекеме ішіне, 8 данасы  мекеменің
сыртына орналастырылған.    
          Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, тактикалық жолақ және
арнайы  әжетхана бар. Балабақша қауіпсіздігіне орай турникет және күзет қызметі
бар.
          Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа
жиһаздармен, ойын және дамытушы ортамен қамтамасыз етілген.
Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарқататын бөлмелері бар.
Арнайы бөлінген әр топқа арналған ойын алаңдары мен құралдары орналасқан  
алаңқайлар бар.
          Балабақшада интеллектиум бұрышы,кітап бұрышы,шахмат бұрышы,ұлттық
бұрыш,логопед кабинеті,психолог кабинеті,ата аналардың консультативтік
пункті,денешынықтыру залы,музыка залы,хореография залы бар.
          Балабақшада сонымен қатар шахмат,футбол,күрес тегін үйірмелері бар. 
Бөбекжай-бақшаға тәрбиеленушілер  Garden  электронды жолдамасы бойынша  1 жастан
бастап қабылданады. Бөбекжай-бақша   жұмысын 8:00 ден бастап, кешкі  сағат
18:30 да аяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс  жүйесіне негізделген.
          Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау HR-Process кадрларды іріктеу
жөніндегі автоматтандырылған жүйе ( http://www.hr-process.kz/ сайт) арқылы
қабылданады.
          Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.
Бақша қуаттылығы:
420 орын, 420 бала санын құрады .18 топты 16 топ қазақ тобы, 2 топ орыс тобы.
Оқыту тілі: мемлекеттік.